Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында кәріздік-тазарту кешені іске қосылды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақат ауданының орталығы – Мақат кентінде тәулігіне 3200 текше метр ағынды су тазартатын кәріздік-тазарту кешені іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында кәріздік-тазарту кешені іске қосылды

Кешен құрылысы 2018 жылдың наурыз айында басталған. Оны «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» АҚ жүргізді.

«Осындай жоба Индербор кентінде де жүзеге асырылып, кәріздік құбырлар мен сорғы стансалары пайдалануға берілді. Сондай-ақ Аққыстау кентінде қуаты тәулігіне 2300 текше метрлік кәріздік-тазарту ғимаратының, ауылішілік кәріз құбырлары мен сорғы стансаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған жобалар іске қосылғанда экологиялық ахуал мен ауаның тазаруына септігін тигізеді» дейді облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Сақпаров.

Оның айтуынша, Атырау қаласының сол жақ бөлігінде тәулігіне 70000 текше метр кәріздік-тазарту ғимаратының құрылысы салынып жатыр. Бұл жоба жыл соңында аяқталады. Оны 2021 жылдың бірінші жарты жартысында іске қосу жоспарланып отыр.