17 Сәуір, 2010

ҰСЫНЫҚТЫ ЕТСЕҢ, СУ ДА ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ

1104 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Грузия Премьер-министрі Николоз Гилауридің Қазақ­станға жуырдағы сапары жеміссіз болмайтын сыңай­лы. Екі ел кәсіпкерлері арасында экономикалық қарым-қатынас­тарды әрі қарай дамытуға қызығушылық бары байқалады. Алматыда осы бастама­лар­ға қатысты өткен баспасөз мәсли­хатында Грузияның Қазақ­стандағы елшісі, сондай-ақ екі елдің іскер топ өкілдері елдер ара­сындағы экспорт­ты арттыру­дың алдағы бағыттары туралы мәлімет беріп өтті. Грузия­­ның Қазақстан­дағы елшісі Паата Каландадзе екі елдің қарым-қаты­насы өте сәтті дамып келе жатқа­нын нақты мәлі­­мет­­тер­мен атап, Қазақ­стан Гру­зия­ның негізгі эконо­микалық әріп­тестерінің біріне айна­лып отыр, деді. Соңғы үш жылда қазақ биз­несі Грузияда тікелей инвес­тиция көлемі жөнінен алдыңғы шепке шықты. Екі жақты экономикалық ын­ты­мақ­тастықтың нақты мысалы­на құрылған баспасөз мәслихатын өткізуге Қазақстанның Алкоголь­сіз сусындар қауымдастығы мен “ІDS Боржоми-Грузия” компа­ния­сы мұрындық болды. – Грузия тауарлары, әсіресе, сусындары қазақстандық тұтыну­шы­лардың сұранысына ие. Атап айтқанда, грузиннің биылғы жылы өндірісіне 120 жыл толатын “Бор­жоми” арасан суы Қа­зақ­стан­да тұрақты сауда өсімі­не қол жеткізіп келеді, – деді Алко­голь­­сіз сусын­дар қауымдас­ты­ғы­ның атқарушы директоры Әлия Әбдірахметова. “Боржоми” сауда маркасының қожайыны “ІDS Боржоми-Гру­зия” компаниясының бас дирек­торы Заза Киквадзенің айтуынша, дағ­дарысқа қарамастан Қазақ­станда “Боржоми” арасан суының саудасы жүріп тұр. “Қазіргі таңда “Боржоми” суы Қазақстанда шетел­дік арасан сусындар ішін­де ең көп таралды, ол рынокта 80 пайыз­дан астам көрсеткішке ие. Біз үшін “Боржоми” – рынокта үлкен сұра­нысқа ие өнім ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемге таны­мал және уақыт сынынан өткен су ретінде ұлттың мақтанышы. Біз әрбір құтыға арасан суды Боржоми алқабын­дағы бұлақ көзінен тікелей құямыз және оны Қазақстандағы тұтынушыға ерекше ілтипатпен ұсы­намыз, – дейді Киквадзе мыр­за. – Грузия “Боржо­ми” суы талға­мы күшті қазақ­стандық тұты­ну­шының сұранысына ие болғанымен мақтана алады”. Еліміздегі “Боржоми” суының ресми дистрибьютері “Food Trade House” ЖШС компаниясының ди­рек­торы Нұржан Қожа­мұра­тов­тың айтуынша, өткен жылы Қазақ­станда арасан сулар рын­огы 250 миллион литрді құра­ған, бұл 2008 жыл­ғы көрсеткіштен 11 пайыз тө­мен. Бірақ, арасан суды тұтыну көр­сеткіші түс­кен­дігіне қарамастан, “Бор­жоми” брен­ді елдің барлық аймақтарында саудасы тұрақты түрде өсіп отыр. Грузияның жоғары сапа­лы арасан суының дәру­мендік қа­сиеттері жайлы Қазақ тағамтану ака­демия­сының вице-президенті, про­фес­сор Юрий Синяв­ский де айтып берді. Сонау 1890 жылы Боржоми қаласында алғашқы “Боржоми” суын дайындап шығарған арасан сулар зауыты жұмыс істей бастаған. Алғашқы құйма зауыты минералды сулар саяба­ғында орна­ласып, оған Романов­тар әулеті қо­жа­лық еткен. 1900 жылы бор­жо­милік арасан су өндірісі жылы­на 1 миллион шөлмек­тен асып жы­ғылады. Содан бері су дүниенің төрт бұрышына танымал болып, қазір ол әлемнің 30 еліне экс­порт­талады. Жақында “Бор­жо­ми” Ұлыбритания, Түркия рыногы­на шығарылған. Сол сияқты, биыл Таяу Шығыс елдеріне экспорттау ұлғайтылады деп жоспарланып отыр. Біздің еліміз бұл суды 60 жыл­дан бері ішіп келеді. Тәуелсіз Қазақ­станға “Боржоми” ресми түрде 1999 жылдан бері экспорт­талуда. Ғалымдардың заманауи зерт­теулеріне көз салсаңыз, адам күніне шамамен үш литр сұйық­тық ішуі керектігі айтылады. Соның көп бөлігін ауыз су құрайды. Қазақтанда ауыз су және арасан суларды қолдану көрсет­кіші жылына жан басына шаққанда 30 литрден аспайды. Ал Италия тұрғындары жы­лына шамамен 116 литр ауыз су тұтынады екен. Айнаш ЕСАЛИ.