Оқиға • 07 Желтоқсан, 2020

«Алтын тобылғы – 2020» иегерлері анықталды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы қоры әдебиетті қолдау мақсатында ұйымдастыратын «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысқан еді.

«Алтын тобылғы – 2020» иегерлері анықталды

Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры жас әдебиетшілердің еңбегіне осымен алтыншы рет қолдау көрсетіп отыр. Байқауға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді.

Әдеби байқаудың қорытындысы бойын­ша «Жылдың үздік прозасы» – Бақытбек Қадыр (Túrkistan газетінің тілшісі, Нұр-Сұлтан қаласы), «Жылдың үздік поэзия­сы» – Жәнібек Әлиман (Қарағанды), «Жылдың үздік драматургиясы» – Қолғанат Мұрат (Алматы), «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» – Хамит Есаман (Тараз қаласы), «Абайдың 175 жылдығына ар­налған үздік әдеби туынды» – Ұмтыл За­рыққан (Нұр-Сұлтан қаласы), Бағашар Тұр­сын­байұлы (Алматы) үздік деп танылды.

Сондай-ақ әр номинацияның жеңім­пазына «Алтын Тобылғы» әдеби сый­лы­ғының лауреаты атағы және 2 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық берілді. Ал арнайы номинацияның жеңімпаздарына 1,5 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етілді.

Айта кетейік, Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының бұл жобасы қазіргі заман әдебиетіне қызығушылықты арттырып, жастардың шығармашылығын шыңдауға бағытталған.