Оқиға • 07 Желтоқсан, 2020

Құнды туындының тұсаукесері

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Astana IT University ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қолдауымен «Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы аясында білім беруді жаңғырту және цифрландыру» атты альбомның тұсауы кесілді.

Құнды туындының тұсаукесері

– Елбасы бастамаларын жүйелі бейне­лейтін альбомның жарық көруі – ортақ еңбегіміздің жемісі, – деп маңызды жиынның беташар сөзін айтқан Елбасы кітапханасы­ның директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахым­жанов, Тұңғыш Прези­денті­міздің алдыңғы қатарлы мемлекеттермен бірдей экономикалық көшбасшылыққа қол жеткізуде цифрлы технологияларды игеру мен енгізуінің маңызына тоқталды.

Одан кейін маңызды шараның мәні жайлы пікір білдірген Astana IT University ректоры, техника ғылымдарының докторы Дархан Ахмед-Заки, адамның парасаты бойындағы білімі – жеке қасиеттері мен құндылық бағдарымен бағаланатыны жайлы айтып: «Қазіргі ақпараттық кезеңде елдің дамуы да ұлттың зияткерлік әлеуетіне тікелей байланысты болып отыр. Елбасы Жолдауларының бас­ты постулаты осы ақиқатқа негізделеді. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне жаңа ұғымдар енген соң тың мақсаттарды жүзеге асыру ісі жаңа көзқарастарды қажет етті. Осы тұста Нұрсұлтан Әбішұлы жастардың ақыл-қайратына сенім артып, олардың әлеуетін жақсартуға қолайлы жағдай жасады. Нәтижесінде еліміз эконо­миканың, саясаттың және қоғамдық қатынастардың түрлі саласындағы интеграциялық процестерге көбірек тартыла бастады. Назарларыңызға ұсынылып отырған альбом – бұл жұмыстардың айқын көрінісі», деді.

– Елбасы кітапханасы мен Astana IT University құрастырған альбомнан Нұрсұлтан Әбіш­ұлы көтерген бастамалар­дың бәрі адамзат әлеуе­тін жаһан­­дық бәсекеге қабілетті етуге бағыттал­ғанын түсініп, еліміздегі білім беру жүйесі­нің жер-жаһан трендтерімен тұспа-тұс дамып келе жатқанын аңғаруға болады. Альбом Елбасының стратегиялық болжа­мын мазмұндайтындықтан, өскелең ұрпаққа құн­ды дерек болмақ, – деді іс-шараның қадірлі қонағы, Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, саяси ғылымдар докторы Амантай Нұрмағамбетов.

Тұсаукесер барысында Елбасы кітап­ханасы мен Astana IT University ынтымақ­тас­тық меморандумына қол қойды.