Экономика • 07 Желтоқсан, 2020

«Құрық-Амирабад» паромдық желісі іске қосылды

574 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстаудағы Құрық порты арқылы Иранмен сауда-саттықты нығайту мақ­сатында алғаш рет «Құрық-Амирабад» паромды желісі іске қосылды. Енді «Құрық-Амирабад» порттары арасында түрлі жүктер паромдық кешенмен тасымалданатын болды. Паромдық желі аясында алғашқы болып Маңғыстауға Ираннан «Композитор Рахманинов» кемесі келді.

«Құрық-Амирабад» паромдық желісі іске қосылды

Ақтау қаласының оңтүстігінде 100 шақы­рым қашықтықта орналасқан Құрық порты – еліміздің экономикалық әлеуетіне серпін қосатын нысан. Порттың құрылысы 2015 жылдың сәуір айында басталып, оның алғашқы іске қосу кешен аймағы – темір жол паромды терминалы – 2016 жылдың 6 жел­тоқсанында пайдалануға берілді.

Маңғыстау жеріне жаңа паром желісі бо­­­йын­ша қадам басқан «Композитор Рах­манинов» – RO-RO типтес аталған кемеде әр­түр­лі құрал-жабдықтармен алты Еуро жүк кө­лі­гі келді. Олардың біреуінде киви жемісі бар.

– Ең бастысы, паром арқылы көкөніс­тер мен жеміс-жидектер тиелген жүк көлік­терін­дегі тауарларды төгіп-шашпай, яғни басқа көлікке ауыстырып жүктемей тұтыну­шыға жеткізуге мүмкіндік бар. «Құрық-Амирабад/Энзели» паромды желісі ирандық және қазақстандық кәсіпкерлер үшін де қызықты болатынына сенімдімін, дейді Құрық портының маркетинг және логистика бойынша атқарушы директоры Әлібек Өтегенов.

Құрық автомобильді инфрақұрылымы порт арқылы транзит және экспорттық-импорттық бағыттардағы өтуші жүктерді қабылдау мен жылдам қызмет көрсетуге толығымен дайын.

2020 жылдың 10 айында Құрық порты ар­қылы өтетін жүктерді тиеу 1,352 млн тоннаны құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 290 мың тоннаға немесе 21%-ға жоғары. Экспортқа мұнай, астық және халықтық қолданыстағы тауарлар жіберілсе, заттық өнімдер мен құрылыс материалдары секілді халықтық қолданыстағы тауарлар импортталды.

Құрық портының келешегі зор деп есептеледі. Теңіз жолы арқылы қарым-қатынасты жолға қойып және оның бағыттары мен жүк көлемін жаңғыртып отыру – порттағы жемісті жұмыстардың бірі.

 

Маңғыстау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05

ҚазҰУ-да іске қосылған төрт ірі жоба

Университет • Бүгін, 07:45

Айт қабыл болсын!

Мереке • Бүгін, 07:00