Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Интернет игілігін ауылдықтар да көріп жатыр

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елдімекендерді интернетке қол жетімділігін қамтамасыз ету ісі Жарма ауданында ерекше қарқын алып отыр.

Интернет игілігін ауылдықтар да көріп жатыр

Ауылдық жерлерді кең жолақты интернетпен қамтуды жалғастыру үшін 2018-2022 жылдар арасында талшықты-оптикалық және LTE  желілерін кезең-кезеңмен салу ісі жүзеге асып жатыр.

2019 жылы Жарма, Суықбұлақ, Жаңғызтөбе кенттері және Қапанбұлақ,Шалабай, Жаңаөзен, Үшбиік ауылдары талшықты-оптикалық желіге қосылған болатын. Яғни, мұндағы жергілікті әкімдік пен денсаулық сақтау және білім беру нысандары қамтылды. Жоспарлы жұмысқа сәйкес осы жылы екінші кезең – LTE  стандартындағы мобильді желі арқылы 6 ауылды интернетпен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда Белтерек ауылында ұялы байланыс құрылғысы орнап, қосылу алдында тұр. Ал Бірлік ауылында тұрғындар талшықты-оптикалық желіге қосылуда. Сонымен бірге ұялы телефон байлынысы желісін тарту жұмыстары жүзеге асады.

Күні кеше ғана Қызылағаш ауылына ұялы байланыс желісі тартылса, бұған дейін Жарық ауылында іске қосылған болатын. Аталмыш ауыл тұрғындары ұялы телефон байланысына қол жеткізіп, ғаламтор желісіне қосылуларына мүмкіндік туды. Енді Жарма кенті мен Кіші Қарасу ауылдарын ұялы байланыспен қамту ісі кезегін күтіп тұр. Алдағы уақытта Божығұр, Бірлікшіл және Қаратөбе ауылдық округтері де назарға алынады.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы