Білім • 07 Желтоқсан, 2020

Кәсіподақтар мәжбүрлі дауыс бергізудің болмауын қадағалайды

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының өкілдері №17 мектеп гимназиясының ұжымымен онлайн форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Кәсіподақтар мәжбүрлі дауыс бергізудің болмауын қадағалайды

Кездесудің  басты мақсаты – келесі жылдың 10 қаңтарына белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты болды. 

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов өз сөзінде: "Кәсіподақтар Федерациясы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға байқаушы ретінде қатысу туралы мәлімдеме жасады. Бұл  сайлау науқанын объективті және әділ бағалауға мүмкіндік береді. Елордалық кәсіподақтар да сайлау үдерісінің ашық әрі заң аясында өтуіне байқаушы ретінде қатысып,  қолдауын көрсетеді", деді ол.

1

Сонымен қатар Кәсіподақтар федерациясы дауыс беру, сайлауалды науқан кезінде жұмыс берушілердің тарапынан ешқандай қысымның, мəжбүрлі дауыс бергізудің болмауын қадағалайды.

"Сайлау өткізудің негізгі қағидаларының бірі – ерік білдіру бостандығы, сайлау еріктілігі болып табылады. Осы қағидалар еліміздің Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында бекітілген. Егер жұмыс берушілер тарапынан сайлауға қатысып, қандай партияға дауыс беруге қысым жасалса, қалалық штабтың жедел желісіне хабарласуға болады", деп атап өтті Т.Күнәділов.