Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Алматы әкімі шаһардағы эпидемиялық жағдай туралы айтты

133 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполисте қалыптасып жатқан санитарлық-эпидемиялық жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы әкімі шаһардағы эпидемиялық жағдай туралы айтты

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қалада коронавирус індетін жұқтырған 16 534 жағдай тіркелген (100 мың тұрғынға шаққанда 828,13), 10 004-і симптомды болса, ал 6530-ы симптомсыз. 06.12.2020 КВИ жұқтырған 67 жағдай тіркелді. Сондай-ақ оның ішінде 53 жағдай симптомды, 14 жағдай симптомсыз. Пневмониямен ауырған 6 жағдай тіркелді. Бүгінде бұл сан 1199-ға жетіп, жағдай ушығып бара жатыр.

"Алматы қаласы 2 желтоқсаннан бастап жасыл аймаққа енді. Жағдай қараша айында коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін факторларды бейтараптандыру, қолданыстағы карантиндік шараларды сақтау және олардың сақталуына бақылауды күшейту арқылы тұрақтандыруға мүмкіндік болды", деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Алматы қаласында КВИ ауруының өсуі қазан айында басталды. Егер қыркүйек айында жұқтырушылар саны 165 жағдайды көрсетсе, қазан айында қауіпті індетке шалдыққандар саны 366-ға жетті. Ағымдағы жылдың қараша айында 1399 жағдай тіркелді, қазан айымен салыстырғанда ауру жұқтырудың 3,8 есе өсуі байқалады.

Тәуліктік өсім –  0,4%, репродуктивті саны – 0,98.

Қараша айының қорытындысы бойынша КВИ-дің әрбір жағдайын эпидемиялық тексеру:

Халықтың КВИ-ге неғұрлым бейім контингенттері – 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар, олар қараша айында науқастардың 60%-дан астамын құрады:

- 14 жасқа дейін – 9% (126 жағдай);

- 15–19 жас –  4% (54);

- 20–39 жас –  32% (451);

- 40–59 жас – 29% (408);

- 60 жастан жоғары – 26% (360).

КВИ жұқтырудың негізгі ортасы: ауру жұқтырушының отбасы мүшелерімен байланысы – 35% (491 жағдай); науқаспен жұмыс немесе оқу орны бойынша байланыс – 3% (37 жағдай); шет елдерден және ҚР өңірлерінен әкелу – 6% (78 жағдай).

Инфекцияны жұқтырудың ықтимал орындары: дүкен, дәріхана, СОО-ға, қоғамдық тамақтану орындарына бару – 22% (306 жағдай); базарға бару – 12% (167 жағдай); медициналық ұйымдарға бару – 6% (80 жағдай); қоғамдық көлікті пайдалану – 16% (228 жағдай); отбасылық іс-шараларға қатысу 1% (12 жағдай).

Халықтың КВИ жұқтыру орындарының егжей-тегжейлі құрылымында сырқаттанған адамдардың қоғамдық орындарға келуінің үлес салмағы басым – сауда үйлері, дүкендер, базарлар – 34%; үй ошақтарындағы отбасы мүшелерімен байланыс – 35%, қаладағы қоғамдық көлік – 16%, медициналық ұйымдарда байланыс – 6%, сондай-ақ шет елдерден және ҚР өңірлерінен әкелу – 6%, жұмыспен қамту орны – жұмысы, оқуы) бойынша – 3%.

Соңғы жаңалықтар