17 Сәуір, 2010

Қазақстан Республикасының Заңы

568 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін: 2010 жыл – 1 200 000 000 мың теңге; 2011 жыл – 1 200 000 000 мың теңге; 2012 жыл –  1 200 000 000 мың теңге. 2-бап. “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” 2009 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., №23, 110-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы  сәуірдің 8-і.   №264-ІV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы 2008 жылғы 11 маусымда Парижде жасалған Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы  сәуірдің 8-і.   №265-ІV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы 2008 жылғы 28 тамызда Душанбеде қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы  сәуірдің 8-і.   №267-ІV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы  сәуірдің 9-ы.   №268-ІV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы  сәуірдің 9-ы.   №269-ІV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы  сәуірдің 9-ы.   №270-ІV ҚРЗ