![Жоғары оқу орындарында емтихандар академиялық күнтізбеге сәйкес өтеді](/media/2020/12/08/crop-8_192_608x786_06663c48-8546-4cf4-8dff-5702ba9146cd.jpg)
Қысқы сессия барысында 150 мыңнан астам емтихан өткізу жоспарланып отыр. Қашықтан оқытуға көшуге байланысты емтихандар, негізінен, қашықтан өткізіледі. «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар», «Журналистика», «Бизнес, басқару және құқық» және т.б. бағыттар бойынша емтихандар тестілеу, эссе жазу және жобалар қорғау форматында өтеді.
Инженерлік, өңдеуші салалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және т.б. оқу бағдарламалары бойынша емтихандар күндізгі форматта ұйымдастырылатын болады.