Медицина • 08 Желтоқсан, 2020

Алматыдағы жедел жәрдем диспетчерлері мен санитарлары қосымша жалақы алады

603 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Біржан Оспанов хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Алматыдағы жедел жәрдем диспетчерлері мен санитарлары қосымша жалақы алады

Бас дәрігер 163 мың теңгені құрайтын жан басына қаржыландыру қарастырылғанын хабарлады. Келесі жылы еңбекақы төлеу қорын ұлғайту арқылы жалақы мөлшерін 30%-ға арттыруды көзделген.

Сондай-ақ, Б.Оспанов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі үшін төлемдер туралы бұйрыққа қол қойғанын атап өтті. Бұйрыққа сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі үшін төлемдер 1-3 санаттағы медицина қызметкерлеріне тағайындалды. 2 санатқа 425 мың теңгеден алатын жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, сондай-ақ 3 санат бойынша 212 мың теңге алатын жүргізушілер жатады.

"Инфекция жұқтырған жағдайда қосымша төлемдер алатын адамдардың тізіміне кімдердің кірмейтіні туралы бірнеше рет айтылды. Бұйрыққа 415 адам кірмеген – бұл диспетчерлер. Алматы қаласы әкімінің қолдауының арқасында біз жергілікті бюджеттен диспетчерлер, санитарлық қызметкерлер үшін жалақыға қосымша 212 мың теңге мөлшерінде 3 санат бойынша төлем ала алдық. Осының барлығы материалдық жағдайды ғана емес, жедел медициналық көмектің де дамуын жақсартады", деп атап өтті Б.Оспанов.

Сонымен қатар, Б.Оспанов жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері барлық жеке қорғаныс құралдары: қолғаптар, маскалар, обаға қарсы костюмдер, бір реттік костюмдер, антисептиктер, дезинфекциялық құралдармен жабдықталғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ брифингінде осы жылдың 9 айында жалпы сомасы 14 млрд.теңгеден астам сомаға төлемдер жүргізілгенін айтқан болатын. Осы кезеңде ай сайын 3,5 мыңнан 7,5 мыңға дейін медицина қызметкерлері үстеме ақы алды.