Руханият • 08 Желтоқсан, 2020

Мектеп оқушысы Абайдың 90 өлеңі мен 30 қарасөзін жатқа біледі

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үштаған ауылы Асқар Өтепбергенов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы  Айнұр Егдірбек биыл тамыз айында онлайн өткен "Абай оқуларынан" бас жүлде алып, халықаралық додаға жолдама алды. Бұл туралы Айнұр Егдірбектің ұстазы Баршагүл Жұмағалиева хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Мектеп оқушысы Абайдың 90 өлеңі мен 30 қарасөзін жатқа біледі

Айнұр Егдірбек Абайдың 90 өлеңі мен 30 қарасөзін жатқа біледі. Ұлы ақынның өлеңіне құмартқан ол аудандық, облыстық, республикалық  "Абай оқулары" сайыстарында жүлделі  орынға қол жеткізді. Ол 12 жастан бері "Абай оқулары" сайысына қатысып келеді. 2019 жылы Семей қаласында өткен Республикалық "Абай оқулары" сайысына қатысып, бас жүлдені иеленді. Биыл онлайн режімде ұйымдастырылған жарыста да бас жүлде алды. Халықаралық сайыс алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп жоспарланған.

"Мен Айнұрға қазақ тілі пәнінен сабақ беремін. Ол өте ұқыпты. Айнұр тек Абай атамыздың емес Шәкәрімнің өлеңдерін де жатқа айтады. Үміт күтетін шәкірттерімнің ерекше қабілетін бірден көремін. Әсіресе Айнұр ерекше қабілетті. Арасында өлең жазатыны да бар", деді ұстазы Баршагүл Жұмағалиева.