Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2020

Алаяқ әйел танысының 1 миллион теңгесін заңсыз иемденген

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада танысының бір миллион теңгесін заңсыз иемденген алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқ әйел танысының 1 миллион теңгесін заңсыз иемденген

6 желтоқсанда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, биылғы жылдың қыркүйек айында таныс әйелдің оған кірпіш сатып алуға көмектесуге уәде бергені, алайда 1 000 000 теңгесін алғаннан кейін зым-зия жоғалып кеткені туралы шағымданған.

Қызылорда қалалық ПБ қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасаған облыс орталығының 1987 жылы туған тұрғыны құрықталды. Ол өзінің алаяқтық әрекеттерін толығымен мойындады.

Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.