Қоғам • 09 Желтоқсан, 2020

Алматыда волонтерлер марапатталды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Волонтер жылының ресми жабылу рәсімі аясында еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдеріне марапаттар тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда волонтерлер марапатталды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қатысуымен Волонтер жылының ресми жабылу рәсімі өтті. Басқа өңірлер сияқты Алматы бейнеконференция-байланысы арқылы қосылды.

"Жомарт жүрек" байқауының "Жыл тұлғасы" номинациясы бойынша "Диал строй" ЖШС бас директоры Ғабит Маматрайымов жеңімпаз атанды.

"Жыл волонтері" байқауының жеңімпаздары — "Педагогтер академиясы", "Lider.kz" еріктілер қозғалысы, "ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы" сияқты қоғамдық бірлестіктердің басшылары Нұрым Нұрғалиев, Дильмира Блац, Еркебек Арғымбаев.

Бірқатар еріктілер мен волонтер ұйымдарының өкілдері Елбасының және Президенттің Алғыс хаттарымен атап өтілді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев еріктілердің қиын кезеңде қарапайым тұрғындарға көрсеткен қамқорлықтары мен көмектері үшін алматылықтар атынан оларға ризашылығы мен алғысын білдірді.

Өткен жылы Алматыда волонтерлік қозғалыстарды дамыту бойынша жобалар денсаулық сақтау, қарттарға қамқорлық, білім беру, экология және тұрғындармен бірлесіп әрекет ету салаларында ойдағыдай жүзеге асты. Қалада 28-ге жуық ірі еріктілер ұйымы жұмыс жасауда. Бұл ұйымдардың базалық деректерінде 50 мыңнан астам ерікті бар.