1 740 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 648 адам, анықтамасыз 92 адам - ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 279 жолаушы, анықтамамен - 1 207, анықтамасыз - 72;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 222 жолаушы, анықтамамен - 212; анықтамасыз - 10;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен - 229; анықтамасыз - 10.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 92 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.