Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2020

Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау Вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов хабарлады.

Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр

Бүгінде республика жасыл аймақта немесе тәуекелі төмен аймақта тұр. Жоғары қауіпті аймақта немесе қызыл аймақта 2 өңір тұр: Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар облысы.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда қызыл аймақтан сары аймаққа Қостанай және Ақмола облыстары ауысты. Сондай-ақ сары аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Шығыс Қазақстан облысы және Атырау облыстары тұр. Сары аймақтан жасыл аймаққа Батыс Қазақстан облысы ауысты. Қалған өңірлер жасыл аймақта тұр.

Өткен екі апта ішінде КВИ-мен ауырғандар саны 10%-ға өсіп отыр. Ауру-сырқаттың өсуі Атырау облысында - 1,9 есе, Жамбыл облысында - 1,8 есе, Ақмола облысында - 1,7 есе, Павлодар облысында - 1,5 есе байқалуда.