Отырысқа қатысушылар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Негізгі назар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды және транзит-көліктік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге аударылды.
Тараптар өңірішілік сауданы кеңейтудің, өңірлік жеткізілімдер тізбегінің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудің, сондай-ақ елдер экономикаларын қалпына келтіру жөніндегі бірлескен шаралардың маңыздылығын атап өтті. Қолданыстағы көлік дәліздерін пайдалана отырып, транзиттік-логистикалық әлеуетті нығайтуға мүдделілік айтылды.
Сыртқы саяси ведомстволар басшыларының орынбасарлары коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі өзара іс-қимылды жоғары бағалады және COVID-19 алдын алу және емдеу бойынша бірлескен шараларды күшейтуге мүдделілік білдірді.
Ауғанстандағы бейбіт процесті ілгерілету және жағдайды саяси реттеу, сондай-ақ онымен сауда-экономикалық, көлік және инфрақұрылымдық байланыстарды нығайту мәселелерінде өзара тиімді ынтымақтастыққа әзірлік білдірілді.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ халықаралық терроризм мен экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына, адам саудасына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, өңірлік қауіпсіздікке, оның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберіндегі басқа да сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы күрестегі ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.