Туризм • 09 Желтоқсан, 2020

Ералы Тоғжанов Алматыдағы туристік нысандарды аралады

280 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласының туристік объектілеріне барды. Сапар аясында Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Kazakh Tourism ұлттық компаниясының өкілдері кәсіпкерлермен бірге Шымбұлақ таулы курортында бірқатар туристік жобаларды таныстырды. «Tenir» шаңғы және сноуборд мектебі мен сондай-ақ «SNEG» эко-қонақүйлер желісінің тұсаукесері болды.

Ералы Тоғжанов Алматыдағы туристік нысандарды аралады

Мәдениет және спорт вице-министрі Ө.Бисақаев «Мұндай жобалар өткен жылы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің бастауымен құрылған, құрамына Kazakh Tourism өкілдері мен Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдіктері енген Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе арқылы жүзеге асырылады», деп мәлімдеді.

Делегация алдымен таулы курорттың ең төмен және ең биік нүктелерінде орналасқан екі жаңа туристік орталықта болды. Мұнда туристерге курорт туралы, Алматы қаласы және Алматы облысының туристік мүмкіндіктері, көрікті жерлері туралы, сондай-ақ еліміздің негізгі туристік бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтылады. Сонымен қатар, визит-орталықтарында қажетті құрал-жабдықтарды жалға алуға, кәдесыйлар мен ойын-сауық аттракциондарына, белсенді іс-шараларға билеттер сатып алуға және тау нұсқаушыларының қызметтерін пайдалануға болады.

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, визит орталықтары туристерді белгілі бір жермен таныстырудың алғашқы нүктесі болып табылады, онда келушілер алғашқы минуттардан бастап өздеріне ғана емес, қоршаған ортаға да қамқорлық жасау керектігін түсінеді. Дәл осы тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып, біз Шымбұлақ таулы курортында да осыған ұқсас тәсіл қолдануды ұсындық», деп қосты «Kazakh Tourism» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Қ.Садуақасов.

Егемен

Ералы Тоғжанов Қатысушыларды визит-орталықтың ашылуымен құттықтап, ашылған нысандардың маңызын атап өтті.

Әрі қарай, делегация курорттың 3200 м биіктікте орналасқан ең биік нүктесінде, Іле Алатауының тауларымен қоршалған және әлемдегі жетінші биіктікте орналасқан «Теңірді» аралады. Бұл өңірлер таулы аймақтың мүмкіндерін кеңейтіп, шетелдік туристердің Қазақстанға қосымша назарын аударуға сеп болады. Кешеннің өзі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және 30 төсекке арналған 10 экоүйден тұрады.

«Қазіргі заманауи өзгерістер туристерді экологиялық бағдарланған демалыс форматына көбірек тартуда. Егер мұндай ойын-сауықты әдеттегі жайлы тұру әдісімен үйлестіру мүмкін болса, онда көптеген саяхатшылардың сапар шегетін жерін таңдауда гламмингтер шешуші рөл атқарады. Экологиялық технологияларды қолдануды ескере отырып, мұндай жобалар барлығының көңілінен шығуы керек», дейді инвестор В.Сарыбеков.

Жұмыс тобы сонымен қатар 2021-22 жылдары Алматы облысының туристік қызығушылығы бар жерлерде жүзеге асырылатын «S.N.E.G» қонақ үй желісінің жобасымен танысты. Сонымен бірге, инвестор Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарына бүгінде құрылыстың бірінші кезеңі үш түрлі жерде басталатынын хабарлады.

Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов сапар барысында шаңғы және сноуборд мектебінің балаларымен және нұсқаушыларымен әңгімелесті. Өткен жылы тау курорты кешенінде қалалық әкімдіктің қолдауымен 1200-ден астам бала ақысыз жаттыққан. Сондай-ақ, жыл сайын белсенді демалыс түрлеріне, атап айтқанда ұзақ отбасылық демалыстарға қызығушылық артып келе жатқандығын атап өткен жөн.

Егемен

Мұнымен қоса, нарықтағы басқа қатысушылармен тау шаңғысы курорттарымен, қонақ үйлермен және туроператорлармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны да баса айталды.
«Өзге елдердің шекаралары жабық болуы, ішкі туризмді дамытатын кез келгендігін дәлелдеді. Қазір туризм нарығындағы азаматтар бірігуге кірісті, бұл туристік өнім қол жетімді бола бастады дегенді бідіреді», деді «Шымбұлақ» демалыс орнының бас директоры Р.Әбдірахманов.

Қорытынды бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов біріккен Жобалық кеңсенің атқарған жұмысының маңыздылығын атап өтіп, жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

«Ұсынылған жобаларды қазақстандық инвесторлар өте жоғары деңгейде жүзеге асыратыны қуантады», деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ө.Бисақаев.

Соңғы жаңалықтар