Емделіп шыққан науқастарда оң өзгерістер байқалады. Екі тәулік ішінде 8 желтоқсан мен 9 желтоқсан аралығында ауруханадан 418 адам шығарылды.
Эпидемиологтардың айтуынша, қостанайлықтар карантин режімін қатаң сақтап отыр. Егер бұрын мониторингтік топ күніне карантиндік және эпидемияға қарсы талаптардың 50-ге жуық бұзушылықты анықтаса, бүгінде бұл сан бірнеше есе төмендеген. Мәселен, 8 желтоқсан мен 9 желтоқсан аралығында мониторингтік топпен 117 объект тексерілді, олардың тек 5-інде ғана бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар, Қостанай, Рудный, Жітіқара қалалардың периметрі бойынша орналасқан санитариялық бекеттер алынып тасталды. Бұрын тоқтатылған объектілердің қызметі қайта жанданды. Егер Қостанай облысының тұрғындары санитариялық талаптарға жауапкершілікпен қарауды одан әрі жалғастыратын болса, онда өмірдің үйреншікті қалпына тез оралады.
Қостанай облысында 8 желтоқсанда коронавирустың 74 жағдайы тіркеліп, аурудың өсу қарқыны 1,2%-ға дейін төмендеді. Бүгінде облыс КВИ таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматыда қауіпсіздікке арналған видеосараптаманың жаңа түрлері сыналды
Оқиға • Бүгін, 17:55
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Астананың велоспорт мектебі «Үздік өңір» атағын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:30
Есірткіге қатысы бар құқық қорғаушыларға ең ауыр жаза қолдану қажет - Ерлан Қошанов
Есірткі • Бүгін, 17:15
Елімізде 2027 жылға дейін 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
Ірі құрылыс супермаркеті әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Оқиға • Бүгін, 16:40