"Бұл шектеу шаралары жалғасады. Локдаун адамдарға қаншалықты қиын болғанын көрдіңіздер. Оның қайталанғаны кімге керек? Менің ойымша, біз бұған жол бермеуіміз қажет. Жол бермеу сізге және маған, сондай-ақ қоғамның әрбір мүшесіне тікелей байланысты. Ал мерекелік демалысты отбасымен өткізген дұрыс. Тұрғындардың біразы жаңа жылдық мерекелер алдында дүкендер, сауда орталықтарына жиі баратыны анық. Осы тар дәлізді кеңейту үшін біз ірі супермаркеттерді тәулік бойғы жұмыс режіміне ауыстыруды ойластырып жатырмыз", деп түсіндірді Алтай Көлгінов.
Осылайша, тұрғындар кешкі сегізге дейін дүкенге үлгеруге асықпай, мереке алдында адам көп жиналатын жерлерден аулақ бола алады. Бірақ бұл мәселе әлі де талқыланып отыр.
"Қазір қаланы жабу жоспарда жоқ, бірақ КВИ бойынша оң сынақтар көбейген жағдайда қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі", деп қорытындылады елорда әкімі.