Спорт • 10 Желтоқсан, 2020

Жаңа спорт түрлері қосылды

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның бас шаһары – Парижде өтетін 2024 жылғы Жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасына жаңа 4 спорт түрі қосылатын болды.

Жаңа спорт түрлері қосылды

Атап айтар болсақ, келесі төртжыл­дықтың басты додасында скейтбординг, шыңға өрмелеу, серфинг және брейк-данс спортшылары Олимпиада көрігін қыз­дырмақ. Енді Халықаралық Олим­пиада комитеті (ХОК) жарысқа қаты­сатын спортшылардың санын 10,5 мыңнан асырмау туралы шешім қабылдаған.

ХОК-тың 7 желтоқсанда өткен жиынында ауыр атлетика мен бокс бағдарламасының квота саны қысқарғаны да белгілі болды. Зілтеміршілердің допинг-сынамалары оң нәтиже көрсетіп, ХОК Халықаралық ауыр атлетика федерациясындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері өршіген соң осындай қадамға барса, бокс спортында гендерлік теңдікті сақтау үшін ерлер бәсекесінен тағы да бір салмақты қысқартып, оны әйелдер боксына берген. Бұған дейін де ерлер боксынан екі салмақ дәрежесі қысқарып, әйелдер боксына қосылған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар