Қоғам • 10 Желтоқсан, 2020

Елорда әкімі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ТЖМ министрі Юрий Ильинмен өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын бақылауды күшейту мәселесін талқылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

- Бүгін ТЖМ министрі Юрий Ильинмен өрт қауіпсіздігі шараларының, пеш жабдықтары мен газ баллондарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды күшейту талқыланды. Сондай-ақ елордалық ТЖД материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері талқыланды. Қалада өрт қауіпсіздігі айлығы аясында 16 мыңнан астам үй тексерілді, оның ішінде жеке тұрғын үй секторында 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталып, бақылауға алынды, - деп жазды А.Көлгінов.

Оның айтуынша, газ баллондарын пайдаланылатын объектілерді жоспардан тыс тексеру үшін ведомствоаралық комиссия құрылған.

- Топ мүшелері газ баллондарын қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану бойынша нұсқама өткізеді. 2,5 апта ішінде мамандар 100 нысанды тексерді. Бұл газ баллондарын пайдалануды бұзған жағдайда халықтың өмірі мен денсаулығына ықтимал қауіп төндіретін объектілер. Аталған жұмыс тобына ТЖД, ПД, тұрғын үй инспекциясының, аудандық әкімдіктердің, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің және т. б. өкілдері кіреді.

Тұрғындар да, кәсіпкерлер де барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмеуі керек, - делінген жазбада.