Оқиға • 11 Желтоқсан, 2020

Ананың ақ алғысы

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Астрахан ауылының жетпіс жас­тағы тұрғыны ұлының үйіне уақытында оралмағандығына алаңдап, op_astrahan­skogo_raiona полиция аккаунтына жан­айқайын жазып, жәрдем сұраған болатын.

Ананың ақ алғысы

Ананың жазбасын оқығаннан кейін аудан­дық полиция бөлімінің қызметкерлері аз ғана уақыт­тың ішінде жоғалған ұлын тауып берді. Ана­сының айтуына қарағанда, 41 жастағы ұлы­ның бұрын үйге келмей қалған кезі болмапты. Сол себепті де ана жүрегі елегізіп, әлде­неге алаң­даған. Іздеп шығуға өзінің шамасы бол­маған соң полиция бөліміне құлаққағыс етіп, кө­мек сұраған. Жағдайды бірден түсінген полиция қызметкерлері келіп мән-жайды білген соң қарт ананың жоғалып кеткен ұлын іздеуге жұмыла кіріскен.

Жедел әрі сауатты іс-әрекеттерінің арқасында із-түзсіз жоғалған ер адам бір тәуліктің ішінде табылды. Ұлының амандығы туралы анасына бірден хабарланды. Қуанышы қойнына сыймаған ана Астрахан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, полиция капитандары Сәлімжан Ержанов, Аязбек Тайшыбаев, лейтенант Аслан Қалмұқановтарға ақ алғысын жаудырды. Былай қарағанда, сонша күрделі де іс емес, бірақ қара­пайым адамдардың жанайқайына жіті назар аударып, көмек қолын созу және одан нәтиже шығару айтарлықтай дүние.

 

Ақмола облысы