Қоғам • 11 Желтоқсан, 2020

Адамдар қандай жол-көлік оқиғаларынан зардап шегеді?

474 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы адам­дар­дың қандай жол-көлік оқи­ға­сына жиі түсетінін анық­та­ды.
Жолдағы апаттардың себебі әртүрлі. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бо­йынша ең кең тараған түрі – жыл­дамдықты асыру. 2019 жы­лы апаттардың 34%-ы жыл­дам­­дықты асырудан болған. Со­­ны­мен қатар жол-көлік оқи­ғаларына ауа райының қолай­сыз­дығы, түнде жол жүру, кө­лі­к­ті мас болып жүргізу де негіз болады. Бұл жағдайда жүр­гі­зушімен бірге жолаушы­лар, жаяу жүргіншілер, вело­сипед­ші­лер немесе басқа көлік­тің иелері зардап шегуі мүмкін.

Адамдар қандай жол-көлік оқиғаларынан зардап шегеді?

 

Әлемдік статистика әлпеті

Әлемдегі COVID-19 салдарына қарамастан (66,6 млн – ауырғандар саны және 1,5 млн – қайтыс бол­­­­ған­дар), көлік апатының зардабын шеккендер ауқымы пандемиядан қалысар емес. ДДҰ мәліметтеріне сәйкес жол жүру барысында әлемде жыл сайын 3 миллионнан астам адам өмірімен қоштасады немесе жара­қат­танады. Сарапшылар бұл көр­сет­кіш­ті 2030 жылға қарай жылына 3,6 мил­лионға дейін өседі деп болжайды. Ең көп адам өлімі мен жарақаттану Үндістанда тіркелген. Онда 1 миллион халыққа 220 апаттан келеді. Апаттың жоғары көрсеткіштері Қытайда (180) және АҚШ-та (114) тіркелген. Бұл басқа ел­дердің статистикасынан елеулі түр­де артық.

Норвегия жолдары әлемдегі ең қа­уіп­сіз болып саналады. 1 млн халық­қа бар болғаны 20 оқиғадан айналады. Со­нымен қатар апаттың ең төмен көр­сеткіші Швецияда (25), Жа­по­ния­да (25) және Ұлыбританияда (30) тір­кел­ген.

 

Қазақстандағы көрсеткіш қандай?

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтеріне сәйкес 2020 жылдың 9 айы ішінде шамамен 9 мың апат тіркелген, зардап шеккен адамдар саны 13 мыңнан асады. Әрине, был­тырғымен салыстырғанда, көлік апа­ты­ның көрсеткіші 22,2%-ға төмен­де­ген. Бұл төмен көрсеткішке жол жүруді карантин кезінде шектеу негіз бол­ғаны белгілі. Барлық ресми мә­лі­мет­тер бойынша Қазақстанда бес жыл ішінде 86,3 мың жол-көлік оқиғасы орын алған.

Көлік апаты көп болған аймақтар ре­тінде жыл са­йын Алматы және Алматы облысы тіркеледі. Бес жыл ішін­де бұл өңірлерде көлік апаты сал­дарынан 24 847 және 10 343 адам зардап шеккен. Ең аз жәбірленушілер Шымкент қаласы және Солтүстік Қа­зақ­­стан облысында тіркелген – 692 және 1 120 оқиға.

 1

Жол-көлік оқиғасының түрлері

Ең кең тараған ЖКО түрі – жаяу адамды қағып кету. Соңғы бес жыл ішінде елде аталған түрдің 37 032 оқи­ғасы тіркелген. Бұл Алматы және Алматы облысында жиі болады – 12 318 және 4 086 оқиға. Ең азы  Шым­кент­те және Солтүстік Қазақстан об­лы­­­сында – 431 және 433 оқиғадан тір­кел­ді.

ЖКО санаты бойынша екінші орын­­­да – көліктердің соқ­ты­ғысуы. Одан 29 723 қазақстандық зардап шеккен. Көбісі Алматы және Алматы облысында – 8 259 және 3 776 адам, ал ең азы Шымкентте және Солтүстік Қазақстан облысында – 179 және 420 адамнан.

ЖКО санаты бойынша үшінші орында – көліктің аудары­луы­нан адам­дар­дың қатты зардап шег­уі мүмкін оқи­ғалар. Көлік ауда­ры­луының 6 925 оқиғасы тір­кел­ген. Зар­дап шек­кен­дер­дің көбісі Алматы облы­сында – 1 056,  Алматы қаласында – 933 және Жамбыл облысында – 892. Апаттың ең төмен көрсеткіштері – Шым­кентте (13 оқиға) және Нұр-Сұл­тан қаласында (24 оқиға).

Содан кейін статистикадағы ең кең тараған ЖКО түрі – бөгеттерге соқ­тығу. Бес жыл ішінде бөгеттерге соғылған ЖКО саны – 3 969. Соның ішінде 933 және 857 оқиғасы Алматы және Алматы облысында болған. Ең аз апат саны Шымкентте, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында – 23, 33 және 44 оқиға.

Соңғы бес жыл ішіндегі көрсет­кіш­тері ең төмен ЖКО санаттары бар. Мы­салы, жолаушының көлік салоны ішінде немесе көлік шанағында құлауы салдарынан 2 794 қазақстандық жапа шекті. Велосипедшімен соқтығысу кезінде – 1 665 адам, ал тоқтап тұрған көлік құралына соғылуы кезінде – 1 339 адам. Ең аз ЖКО жануарларды басып кету барысында болған – 643 оқиға.

Сонымен қатар жоғарыда көрсе­тіл­ген оқиғалардың біріне де жатпайтын 2 165 оқиға тіркелген.

Назар аудару қажет, көлік апаты статистикасында ұсақ жол-көлік оқи­­ғасы тіркелмеген, көлік ие­лері бұл жағ­­дай­ларда құқық қор­­ғау органдарына және өтем алу үшін сақ­­тандыру компанияларына жү­гінбеген.

Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес биыл 10 ай ішінде сақтандырушыларға ОГПО міндетті автосақтандыру бо­йын­­ша 22,2 млрд теңге төленген, бұл былтырғымен салыстырғанда 4%-ға төмен. КАСКО ерікті сақтандыру бо­йынша төлем сомалары биыл 42,9 млрд теңгені құраған, бұл был­тыр­ғы­дан 3% аз.

«Күрделі ЖКО болған жағдайда, егер зардап шеккендер бар болса, бі­рін­ші кезекте медициналық жедел кө­­мекті және міндетті түрде жол поли­циясы қызметкерлері мен апат­тық комиссарды шақырту қажет. Олар келгенше автомобиль орнынан қозғалмауға тиіс. Егер нұқсан мөлшері 350 мың теңгеден аспайтын болса, сақтандыру компаниясы өтемақысын оқиға болған жерде қолма-қол төлеуі мүмкін. Бұндай ереже тек Freedom Finance Insurance СК-да бар», дейді  Freedom Finance Insurance СК өкілдері.