Іс-шарада бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау заңнамасын сақтау мәселелері талқыланып, сайлау заңнамасының бұқаралық ақпарат құралдары жиі бұзатын бірқатар нормасы түсіндірілді және электоралды кезеңде оларға жүктелетін жауапкершілік жөнінде айтылды.
Сонымен қатар БАҚ-та үгіт материалдарын төлеу шарттары туралы ақпаратты орналастыру талаптары мен мерзімдеріне қатысты сөз қозғалды.
Кездесу барысында сайлау заңнамасын бұзу статистикасы, сондай-ақ прокуратура органдарымен және басқа да құқық қорғау органдарымен қабылданған шаралар туралы аталып өтті.
Министрлік басшылығы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге және бірлескен күш-жігермен елде ашық және әділ сайлау өткізуге ықпал етуге шақырды.
Сайлау кезінде Қазақстан Республикасында БАҚ пен журналистерге арналған жадынамаға сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/101920?lang=kk