Спорт • 11 Желтоқсан, 2020

Іріктеуді ірі жеңіспен бастады

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан ұлттық құра­масы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын Мажар­стан футзалшыларына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Іріктеуді ірі жеңіспен бастады

Екі құрама арасындағы бәсеке жуырда ғана даңқты балуан, Мәскеу Олим­пиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген елордадағы жекпе-жек сарайында өтті. Ойында Қазақстан құрамасы толықтай басымдыққа ие болып, қарсыласының қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Атап айтар болсақ, ойын бaрысындa Арнольд Кнауб, Дәурен Нұрғожин, Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов мергендігімен көзге түсті.

Енді жерлестеріміз келесі ойынын 2021 жылдың 28 қаңтарында сырт алаңда Израиль­мен өткізеді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2022 турнирінің іріктеуінде 5-топта өнер көрсетуде. Біздің топта Мажар­стан мен Израильден бөлек, Беларусь құра­масы да бар. Еуропа чемпионатының финал­дық кезеңінің жалауы 2022 жылдың 9 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында Нидерландта желбірейді.

 

Соңғы жаңалықтар