Футбол • 11 Желтоқсан, 2020

Плей-офф кезеңіне шықты

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындар аяқталып, плей-офф сатысына жол­дама алған 16 команда белгілі болды.

Плей-офф кезеңіне шықты

Кейбір командалар жолдама тағдырын 4 және 5-тур ойындарынан кейін-ақ шешіп қойғанымен, кей топтарда плей-офф кезеңіне шыққан командалар соңғы турда анықталды. Мәселен, В тобында өнер көрсеткен төрт команданың төртеуінде де келесі кезеңге шығатын мүмкіндік болды. 6-турға дейін үшінші орында тұрған «Реал» өз алаңында Бенземаның дублі арқасында «Боруссия М» клубын жеңіп, бірінші орынмен 1/16 кезеңге жолдама алды. «Боруссия М» жеңілсе де жарысты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал сырт алаңда «Интермен» тең түсіп, топта үшінші орынды иеленген «Шахтер» Еуропа лигасында бақ сынайтын болды. Ита­лия командасы соңғы орында қалып қойды.

Сонымен, плей-офф кезеңіне мына командалар жолдама алды: «Бавария», «Боруссия» (Дортмунд), «Боруссия» (Менхенгладбах), «РБ Лейпциг» (Германия); «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Челси» (Англия); «Ювентус», «Атланта», «Лацио» (Италия); «Реал», «Атлетико», «Севилья», «Барселона» (Испания); ПСЖ (Франция) және «Порту» (Португалия).

Жеребе тарту рәсімі 14 желтоқсанға, 1/16 кезеңінің алғашқы ойындары 16/17/23/24 ақпанға, қарымта кездесулер 9/10/16/17 наурызға жоспарланған.