Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2020

Бәрі сүйіспеншіліктен басталады

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы ZOOM платформасында «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады!» тақырыбында алғашқы қазақстандық ата-аналар оқуларын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бәрі сүйіспеншіліктен басталады

Аталған маңызды шараға білім және ғылым министрлігі және аймақтық білім басқармасының өкілдері, шетелдік қонақтар, ғалымдар, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің, ТжКБ және жоғары оқу орындарының басшылары мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері және ата-аналар қатысты.

Қатысушылар назарына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның бейне дәрісі ұсынылды.

Қатысушылар балалар өмірі мен күнделікті мінез-құлқына қатысты өзіндік ойлары, тәжірибелерімен бөлісті.

Психология ғылымдарының кандидаты Алексей Бабаянц өз баяндамасында балалардың кейде ересектерге неліктен бағынбай, тілазар болып кету себептеріне тоқталып өтті. Ал «Бөбек» орталығының бас директоры Елена Сәкенова «Отбасы мен мектеп: ынтымақтастық шегі» тақырыбын жан-жақты ашып берді.

– Мектеп пен отбасы қарым-қатынасы әркез өзекті күйінде қала береді. Әрі қазіргідей қашықтан оқу форматында оқушы мен педагог және отбасы арасындағы байланыс рөлі тіпті күшейе түсті. Біз бәріміз – ата-ана және ұстаздар балаларымыздың бақытты болуын қалаймыз. Бұл ықылас бізді мынадай мәңгілік сұрақтарға еріксіз жетелеп алып келеді: Адамның шынайы бақыты неде? Махаббат сыйлай алу – бақыт па? Баланың бақытты болуы үшін не істеу керек? Әсілінде, баланың өмірі екі әлемді жалғап тұрады: отбасы әлемі және мектеп әлемі. Сондықтан мектеп пен отбасы ынтымақтастағы біз мән беруге тиісті аса маңызды фактор. Негізі баланың алғашқы ұстазы – ата-ана. Балалық шақ – адам өміріндегі маңызды кезең. Ол ересектік өмірге даярлық емес, ол нағыз шынайы, қайталанбас уақыт. Сол бала кезінде кім оған ақыл берді, кім оны жетеледі, қандай деңгейге бағыттады, міне осыдан келіп баланың кейінгі дәрежесі мен өмір жолы қалыптасады, деп атап өтті Елена Сәкенова.

Орталық құрамындағы Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры Ирина Калачева «Өзін-өзі тану сабағындағы саналы ата-аналық тәрбие» тақырыбында сөз сөйледі.

Алғаш рет қолға алынып отырған іргелі бастаманың қатысушылары отбасы мен балалық шақ саласындағы кәсіби ынтымақтастық әрі қарай кеңейіп, нығая түсеріне сенім білдірді.

АЛМАТЫ