Әлем • 11 Желтоқсан, 2020

Францияда коменданттық сағат енгізіледі

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияда карантин коменданттық сағатқа ауыстырылады. 15 желтоқсаннан бастап билік бүкіл ел бойынша қозғалыс шектеулерін алып тастамақ. Тұрғындар көшеде кешкі сағат 8-ге дейін жүре алады, деп хабарлайды Egemen.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Францияда коменданттық сағат енгізіледі

Қараша айының соңында Францияда көптеген азық-түліктік емес дүкендер ашылды, бұл эпидемия статистикасына еш әсер етпеген.

- Соңғы апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Әзірге жақсы көрсеткіштерге жете алмай тұрмыз, вирус жұқтырушылар саны көбейіп келеді, - деді Францияның премьер-министрі Жан Кастекс.