Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2020

Бухарестте мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бухарестте мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бухарестте мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінде өткен Елші Нұрбах Рүстемовтың Румыния Мәдениет министрі Богдан Георгиумен және Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Михай Фирикэмен жұмыс кездесуі барысында мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен оны тереңдетудің келешегін талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар 2021 жылға арналған бірлескен іс - шаралар кестесін – “Абай Құнанбайұлы – Михай Эминеску” халықаралық поэзия фестивалін өткізу және Нұр-Сұлтан қаласындағы Бухарест скверінде румын ақынының бюстін орнату, сондай-ақ оның еңбектерін қазақ тіліне аудару және Қазақстанда кітап шығару мәселелерін талқылады.

 

Кездесу соңында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығын атап өту кезінде екіжақты мәдени байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Б. Георгиуға Абай атындағы мерейтойлық медаль табыс етілді.