"Оқушылар мен оқытушылар арасында COVID-19 жағдайларының тіркелуі күн сайын жалғасып жатқандықтан, меншік нысанына қарамастан, мектептерді қашықтан оқыту жүйесіне көшу мәселесі қарастырылуда. 10 желтоқсандағы жағдай бойынша, аудандық санэпидбақылау басқармаларының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларымен 20 мектепте оқу процесі 14 күнге онлайн режимге ауыстырылды", деді Жанна Пралиева қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, оқу жылының басынан бері барлығы 224 оқушы ауырған. Оның 179 – ы қашықтан (қаладан тыс жерлерден келген оқушылар саны - 15, оның ішінде оффлайн режімде - 2) оқығандар.
Мектеп бойынша барлығы 590 қатынаста болған азамат тексерілді. 8 жағдайда мектеп оқушылары және 1 жағдайда оқытушы қарым-қатынаста болғандықтан ауырған.