2013 жылғы 14 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Ресиубликасы Үкіметінін 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №40, 522-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) білім беру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) баланың қүқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыру;»;
мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:
«63-1) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы
органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге
асыру;»;
ведомствоның функцияларындағы 55) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.