Стационарлық бекеттердің барлығы заманауи техникамен: портативті бейнетіркеуіштермен, радиостанциялармен және планшеттермен жабдықталған.
«Стационарлық бекеттер 181 сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталып, Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Жол қауіпсіздігін, қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстың алдын алу бойынша қызмет атқарады. Камералар арқылы 25 қылмыс ашылып, 47 602 әкімшілік хаттамалар толтырылды», Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Мухтар Бухарбаев.
Іс жүзінде стационарлық бекеттер өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Мысалы қоғамдық орындарда жасалған қылмыстың саны өткен жылмен салыстырғанда 26,6%, ал көшелерде 21,5% төмендеген.
Азаматтар өтініш, арыз немесе жеке мәселесімен кез-келген уақытта осы бекеттерде қызмет ететін қызметкерлерге жүгініп, тиісті көмегін ала алады.