Саясат • 04 Желтоқсан, 2020

Ақпараттық хабарлама

177 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ (бұдан әрі – Газет) – Қазақстан Республикасының 28.09.1995 ж. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңына және ҚР Президентінің 21.10.2020 ж. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» №439 Жарлығына сәйкес ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезекті сайлауына қатысу үшін партия тізімдері бойынша сайланатын кандидаттарға сайлау алды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін баспа беттерін ұсыну тәртібі мен қағидалары, төлемақы көлемі туралы хабарлайды. 

Газет беттерін ұсыну тәртібі мен жалпы қағидалары

Газет үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін баспа беттерін ұсынады. 

Газеттің баспа беттері Газет пен партия тізімдерін ұсынған саяси партияның сенімді өкілі арасында үгіт-насихат баспа метариалдарын орналастыру үшін баспа бетін ұсынуға жасалған шарт негізінде ұсынылады. Шарт

пен оның ілеспе құжаттарының нысаны жазбаша өтініш берген кезде ұсынылады. Мұндай шартты жасасу үшін партия тізімдерін ұсынған саяси партияның сенімді өкілі Газетке келесі ақпараттарды көрсетіп ұсыну арқылы жазбаша өтініш береді:

  • партия тізімінің ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
  • саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілдігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • үгіт-насихат материалдарды алатын беттің жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;
  • үгіт-насихат материалдарының (ұсынылған әр бетте уәкілетті өкілдің қолы қойылған) қағаз бетіндегі және электрондық тасымалдаушыдағы толық мәтіні;
  • өтініш берген саяси партия уәкілетті өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі.

Газет жазбаша өтініштерді 2020 жылдың 11 желтоқсанынан 2021 жылдың 06 қаңтарын қоса алғанда демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжайда қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 үй, 9 бөлме.

Жарияланымдар ақпаратты ұсынған тұлғаның аты-жөні мен тегі, төлемақысы, қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібі бойынша Газет белгілейді. Бір күн ішінде бірнеше саяси партиянң өтініштері бір мезгілде келіп түскен жағдайда Газет жеребе тастайды. Жеребеге баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне келіспеген саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен даудың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саяси партияның әр уәкілетті өкіліне баспа материалын орналастыру күні көрсетілген жазбасы бар желімделген бір конверт таңдау ұсынылады. Конверттер саны дауласушыларының санымен бірдей. Жеребе аяқталғаннан кейін дауласушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына ұсынылады.  

Үгіт-насихат баспа материалдары Газет шығатын күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде модульдер немесе мақалалар түрінде Газетке ұсынылады.    

Кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, газет үгіт-насихат баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезіндегі сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге арналған баспа бетін ұсыну ақысының төлемі, қағидалары мен тәртібі туралы мәліметтер:

 

I. Қызметтер атауы

Өлшем бірлігі

12% ҚҚС есептеу арқылы  теңгемен есептелген бағасы

Имидждік немесе PR-материал (мақалалар), 1 ш.см. (негізгі)*

1 ш. см.

 500

Хабарландыру (заң қызметтері үшін), 1 ш.см. (негізгі)**

1 ш. см.

 500

 

EGEMEN.KZ сайтына ақпарат материалдарын орналастыру

 

Ақпарат  материалдарын орналастыру

Жарияланым форматы

12% ҚҚС есептеу арқылы  теңгемен есептелген бағасы

Түсіндірулер

 

Мерзімі

2000 белгіге (аралықтағы бос орындарымен), 4 фотоға дейін жаңалықтар легіне ақпарат материалдарын орналастыру

 

37 500

-

1 тәулік

 

Төлемақы үгіт-насихат материалдарын жариялау шартындағы 6 бөлімде көрсетілген Газеттің шотына аударым жасау арқылы жүргізіледі.

 

 

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ

Басқарма төрағасының

орынбасары                                                                                                       Каменов Е.Т.