Қоғам • 12 Желтоқсан, 2020

Құда күткенге қылмыстық іс қозғалды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыста короновирус инфекциясының алдын алу мақсатындағы рейд шаралары әлі де жалғасып отыр. Кезекті рейд кезінде Семейдегі "Ваниль" дәмханасында 90 адамның басы қосылып, отбасылық шара өткені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Құда күткенге қылмыстық іс қозғалды

Дәмхана иесі құқық қорғаушыларды бұл нысан жекеменшігі екенін айтып, кіргізбей қойған. Мониторинг топ өкілдері бір сағат бойы ішке кіре алмаған. Сөйтсе, Семей тұрғыны шектеуге қарамастан 90 адамды шақырып, құда күткен.

"Біздің мақсатымыз – пандемиямен күресу. Сондықтан облыстық бас санитар дәрігерінің қаулысын сақтау – бәрімізге ортақ талап. Қазір азаматтар өз бизнесін шектеу шараларына бейімдеуі тиіс", деді "Шығыс – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт.

Ал тәртіпке бағынбаған дәмхана иесіне ӘҚБтК 425-бабына сәйкес хаттама толтырылып, 1600 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, ҚР ҚК 131-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.