Елорда • 13 Желтоқсан, 2020

Алтай Көлгінов әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлуді тапсырды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалалық әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлінетінін өзінің инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алтай Көлгінов әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлуді тапсырды

"Қалалық әскери комиссариат қызметкерлері 70 жыл бұрын салынған ғимаратта жұмыс істейді. Бұл мекеменің аумағы әскери міндеттілердің шақыру комиссиясы кезінде қаншалықты тығыз орналасқанын айтпағанда, қызметкерлердің өздері үшін де жеткіліксіз.

Сонымен қатар, медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі бар. Бүгін қалалық құрама пунктінің (әскери комиссариат) қызметкерлерімен кездесіп, медперсоналмен сөйлестім.

Қосымша ғимарат бөлуді тапсырдым. Бұл еңбек жағдайын едәуір жақсартады. Сондай-ақ қажетті медициналық жабдықтарды сатып аламыз. Осылайша мекемені толығымен жабдықтаймыз", деп жазды Алтай Көлгінов.