Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, апат Абай ауданында орналасқан МАЭС-2-де болған.
Ал "Кazakhmys Еnergy" ЖШС 1958 жылғы ер адам қаза тауып, үш адам зардап шеккенін мәлімдеді. Олар 1975 жылы туған әйел мен 1971, 1980 жылғы ер адамдар. Зардап шеккендер 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді.
ТЖД өкілдері бұл оқиға Абай қаласының жылу және электрмен жабдықталуына әсер етпегенін атап өтті. Қазіргі уақытта "Кazakhmys Еnergy" жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы тексеру комиссиясы құрылатынын және тергеу нәтижелері кейінірек жарияланатынын айтты.