АІВА президенттігіне алдымен алты, кейін төрт үміткер таңдалып алынды. Сайлау нәтижесінде 57,33 пайыз дауыс жинаған ресейлік Умар Кремлев жеңіске жетті. Нидерландық Борис ван дер Ворст екінші, АІВА президенті қызметін уақытша атқарған марокколық Мұхаммед Мустасан үшінші орында қалды.
38 жастағы Умар Кремлев 2017 жылдан бері Ресей бокс федерациясын басқарып келеді. Сондай-ақ ол Еуропа бокс конфедерациясының бірінші вице-президенті қызметін де атқарады.