Руханият • 15 Желтоқсан, 2020

Екі ел арасындағы жаңа игілік

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық музей мен Жапония елінің Нара қаласындағы Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институты арасындағы бекітілген академиялық алмасу және ынтымақтастық туралы келісім аясында «Металл бұйымдарды консервациялық өңдеу» тақырыбында халықаралық онлайн-семинар өтті.

Екі ел арасындағы жаңа игілік

Семинардың мақсаты – ар­хео­­логиялық зерттеулер нәти­­же­сінде табылған металл бұйым­дарды консервациялық өңдеу жұмысы барысын талқылау, сондай-ақ осы салада халық­аралық деңгейде тәжірибе мен білім алмасу.

Шара барысында қатысу­шылар консервациялық өң­деу және қалпына кел­тіру жұмыс­тарының ерекшеліктерін зерттеу­ге, сонымен қатар осы сала бойынша мамандар­ды тәрбиелеуге арналған «Ар­хеологиялық металды кон­сер­ва­циялық өңдеу» әдістемелік құралын басты тал­қыға салды.

Бұл еңбекті консервациялық өңдеу және қалпына келтіру бойынша мамандардың тағы­лымдама бағдарламасынан өтуі кезінде қолдану мақсатында Нара қаласындағы Мәдени мұ­раны ғылыми-зерттеу институты жанындағы Мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық ын­тымақтастық орталығы құ­рас­тырған.

Аталған жұмыста қазіргі Жапонияда консервациялық өңдеу кезінде жиі қолданылатын консервациялық өңдеу және қалпына келтіру әдістері бо­йынша ең тиімді тетіктер көрсетілген. Сондықтан бұл әдістемелік нұсқаулық белгілі бір әдіс бойынша анықтама кітапшасы түрінде емес, негізгі және бастапқы білім алу үшін қосымша хрестоматия ретінде шығарылған. Өйткені әртүрлі техникаларды үйрену арқылы жұмыста ең қолайлы әдіс-тә­сілдерді қолдануға болады. Яғни кез келген техниканың қол­дану үрдісін зерттеу және оны түсіну арқылы өзге де ел­дер­дің осы салада кезіккен мәсе­лелерін шешуге мүмкіндік туындайды.

Сондай-ақ онлайн-семинар­да «Археологиялық металды консервациялық өңдеу» тақы­рыбында еркін пікірталас ала­ңы ұйымдастырылып, са­ла маман­дары өзекті мәсе­ле­лер­ді тал­қылап, өңірлік жә­не халық­ара­лық деңгейде кон­­­сервациялық өңдеу және қал­пына келтіру жұ­мыстарын дамытуда қолданған тың идеяларымен бөлісті.

Семинарға белгілі қазақ­стандық және жапондық реставраторлар мен археолог-ғалымдар қатысты.

Жиын қортындысында қаты­сушылар құрамы алдағы жылы да дәл осы тақырып төңірегінде кездесу ұйымдастыруға уәделесіп тарқасты.