Әлем • 15 Желтоқсан, 2020

Джо Байден ресми түрде АҚШ президенті болып сайланды

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Калифорниядағы 55 сайлаушының ресми дауыс беруінен кейін Джо Байден президент болды. Осылайша ол 1 айдан астам уақыттан кейін ресми түрде Құрама Штаттардың 46-шы мемлекет басшысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Джо Байден ресми түрде АҚШ президенті болып сайланды

АҚШ-та Сайлаушылар алқасының дауыс беруі өтіп жатыр, ол 2020 жылғы президент сайлауының жеңімпазын түпкілікті анықтайды. Жалпы дауыс беру нәтижесіне сәйкес Алқа құрамын штаттар билігі анықтайды, оның ресми қорытындылау бір апта бұрын аяқталған. Дауыс беру нәтижесіне сәйкес, президент сайлауында Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джо Байден жеңіске жетті. АҚШ-тың қазіргі президенті және Республикалық партиядан екінші мерзімге үміткер Дональд Трамп өзінің жеңілісін мойындамады және қарсыласын сайлауды бұрмалады деп айыптады.

Ал вице-президенттікке Камала Харрис таңдалды. Бұл дауыс берушілер алқасының шешімінен кейін белгілі болды.

Айта кету керек, Президентті ұлықтау рәсімі 20 қаңтарда өтуі керек.