Медицина • 15 Желтоқсан, 2020

Елордалық дәрігерлер бір жасар қызға күрделі ота жасады

775 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық дәрігерлер бір жасар қызға ауыр ота жасап, желке тұсынан гемангиоматозды алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордалық дәрігерлер бір жасар қызға күрделі ота жасады

Кішкентай Далида ауруханаға желкесінен үлкен кавернозды гемангиомамен түсті. Туылған кезде гемангиома қал сияқты болды, мүлдем көрінбейтін, дейді Далиданың анасы.

"Дәрігерлер дақтың өсуі мен түсінің динамикасын қадағалаңыздар деді. Гемангиома өздігінен кетер деп үміттендік, бірақ «төмпешік» өсе бастады", дейді анасы Әсел.

Қыздың ата-анасы ісіктің себебін түсіну үшін қанша түрлі анализдер тапсырған. Уақыт өте ісік теннис добының көлеміне жетті.

"Ана мен бала ұлттық орталығында да бізге ісік туралы нақты түсінік бере алмады, бізді операцияға апарудан қорықты", дейді қыздың анасы.

№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының мамандарымен байланысқаннан кейін, ісікті тез арада алып тастау бойынша операция жасау туралы шешім қабылданды. Алайда, отбасына операцияның қиын және қаупі жоғары екендігі туралы бірден ескертілді.

"Балада тамырлы туа біткен ісік бар (оксипитальды аймақтың кавернозды гемангиомасы). Операцияға дайындықтан кейін балаға ота жасалды. Гемангиома алынып тасталды. Ісіктің едәуір мөлшерін ескере отырып, операциядан қан кету қаупі болды. Біз оны асқынусыз алып тастадық. Барлығы ойдағыдай өтті!", дейді хирург, жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі Ирек Мингазов.

Енді бір жасар Далида өзін едәуір жақсы сезінеді. Туыстары Далидаға ісіксіз жаңа өмір сыйлаған адамдарға шын жүректен ризашылықтарын білдіреді.