Қоғам • 15 Желтоқсан, 2020

Біржан Нұрымбетов Тәуелсіздік күнімен құттықтады

88 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР ЕХӘҚМ қызметкерлерін және барша қазақстандықтарды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біржан Нұрымбетов Тәуелсіздік күнімен құттықтады

«Тәуелсіздік – бұл ежелден бері ата-бабаларымыздың армандап келген күні.

Егемендік алған күннен бастап Қазақстан халқы елді бірлікте дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Осы уақыт ішінде біз үлкен жетістіктерге жеттік, халықтың әл-ауқаты артып, өмір сүру сапасы жақсарды. Бұл үдерістегі Елбасы мен Мемлекет басшысының үлесі зор, халықтың әл-ауқаты әрқашан олардың ерекше назарында екенін бәріміз білеміз. Ал біздің басты міндетіміз – Ел Президентінің берген тапсырмаларын толық орындау және барлық іс-шараларды қамтамасыз ету.

2020 жылы зейнетақы мөлшері екі рет арттырылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы белсенді іске асырылуда, биыл оған 580 мыңнан астам адам қатысты.

Бүгінде елімізде 7 млн отбасы бар, оның 180 мыңнан астамы табысы аз отбасыларға жатады, ал 413 мыңнан астам отбасы көпбалалы болып табылады. Елімізде 705,5 мың мүгедектігі бар адам тұрады.

Төтенше жағдай және карантиндік шектеулер кезеңінде біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік қорғау шаралары халыққа қызмет етудің үлгісі бола алады. Бұл кезең біздің еліміз үшін күрделі кезеңдердің бірі болды. Алайда, бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз осы күрделі кезеңде табысынан айырылған 4,6 млн қазақстандық үшін 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер түрінде қолдау шараларын іске асыра алдық.

Азаматтардың жекелеген санаттарын қосымша қолдау үшін 1,1 млн-нан астам адам азық-түлік және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда, халықтың өмір сүру деңгейі жақсарып келеді.

Сөз соңында, Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту, еліміздің дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Ал барша қазақстандықтарға амандық пен зор денсаулық тілеймін! Тәуелсіз елімізде әрқашан бейбітшілік пен тыныштық болсын!» – деді Біржан Нұрымбетов онлайн-режимде өткен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара барысында.