15 Желтоқсан, 2020

Ақмола облысында ауылдарда бейнебақылау орнатылып жатыр

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Жақсы ауданында «Ауылдарда бейнебақылау» жобасы қолға алынды. Соңғы бір жарым жылдың ішінде ауданда 600-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылып, заң бұзушылық дерегі біршама азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында ауылдарда бейнебақылау орнатылып жатыр

Басты мақсат – заң бұзушылықтың алдын алу. Жыл басынан бері құрылғылардың көмегімен 392 әкімшілілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 14 қылмыс ашылды.

«Сыртта жүріп-ақ үйімізді көріп отырамыз. Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жүргенде, үйге ұрылар түсті. Камераның көмегімен бірден анықтадық», дейді Калининское ауылының тұрғыны Баян Жанабекова.        

Аудан орталығындағы камералар ішкі істер бөлімінің жедел басқару жүйесіне қосылған. Жүйеге Жақсы ауылы бойынша 24 камера қосылып отыр. Оның 12-сі көшелерге орнатылған. Жоба қолға алынғаннан бастап бюджет қаржысы есебінен 330 камера орнатылды. Оның 210-ы аудандағы білім беру нысандарына қойылды. Сондай-ақ, жекеменшік нысандармен өзара келісімшарт жасалып, қосымша 300-ге жуық бейнебақылау құрылғысы орнатылған.

Алдағы уақытта аудандағы бейнекамераларды бас прокуратураның «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы» порталына енгізу жоспарда бар. Қараша айынан бастап «Уақытылы алимент төлейтін әкелерге алғыс білдіреміз» акциясы басталды. Жалпы мұнда осы санаттағы 214 адам бар. Оның 60-ы алимент төлеуден жалтарып жүргендер.