Жеребе қорытындысы бойынша командалар төмендегіше жұп құрады. «Боруссия» (Мёнхенгладбах, Германия) – «Манчестер Сити» (Англия); «Лацио» (Италия) – «Бавария» (Германия); «Атлетико» (Испания) – «Челси» (Англия); «РБ Лейпциг» (Германия) – «Ливерпуль» (Англия); «Порту» (Португалия) – «Ювентус» (Италия); «Барселона» (Испания) – «Пари Сен-Жермен» (Франция); «Севилья» (Испания) – «Боруссия» (Дортмунд, Германия) және «Аталанта» (Италия) – «Реал» (Испания).
Айта кетейік, плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары 16/17, 23/24 ақпанға, қарымта кездесу 9/10, 16/17 наурызға жоспарланған. Ал ширек және жартылай финал ойындарының жеребесі 19 наурызда тартылады.