- Халық бірлігінің арқасында қуатты мемлекет құрылды. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы анағұрлым жақсарды. Білімді ұрпақ өсіп келеді, білікті мамандар дайындалып жатыр. Демек, еліміздің ертеңі жарқын болары анық, – деді Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов.
Мерекелік жиында халық алғысына бөленіп жүрген травматология бөлімінің меңгерушісі Әділ Тоқсанбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Ал Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына "Жылу орталығы" КМК қазандық машинисі Александр Коротков ие болды. Сондай-ақ, Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медальдар "Мәдениет орталығы" мекемесінің директоры Р. Карагужинаға, Октябрь кентінің дәрігерлік амбулаториясының акушері О. Калачеваға, "Фаворит" ЖШС директоры С. Огневқа, "Нивы Чапаево" ЖШС директоры Ж. Бугубаевқа, "Бородино" ЖШС директоры К. Букежановқа, "Жылу орталығы" КМК директоры А. Леоновқа берілді.
Алтай ауданы