06 Желтоқсан, 2013

Жаңа технология – ілгерілеу негізі

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьникті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьникті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

В.Школьник Мемлекет бас­шы­сының «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегиялық даму бағдар­ла­масын, сондай-ақ, ядролық-отын циклы, химиялық индустрия мен жаңартылатын энергетика сала­сындағы ірі индустриялық және ин­новациялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық компанияның бірқатар бағыттар бойынша, атап айтқанда, атом стансалары үшін құрастыру өндірісімен, баламалы энергетика және сирек кездесетін кен өнімдерімен байланысты қызме­тін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

 

Сондай-ақ, кездесу барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бас­шысы Мемлекет басшысын Қазақ­станның әлемдік өндірудің 37%-ын қамтамасыз ете отырып, әлем­дегі уран өндіру саласында көш­басшылық позициясын ұстап келе жатқаны жайында хабардар етті. Бұл ретте компания қаржылық орнықтылығы мен даму қарқынын сақтап, инвестициялық бағдарламасы мен әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындап келеді. 2010 жылдан бері әлеуметтік саланың дамуына 37 млрд.-тан астам теңге бөлінген.

 

Кездесу қорытындысында Қазақстан Президенті жаңартылатын энергетика және сирек кездесетін кен өнімдерін өңдеу саласындағы компанияның қызметінде жаңа инновациялық технологияны қолдану жөнінде нақты тапсырмалар берді.

 

Суретті түсіргендер

 

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 

Соңғы жаңалықтар