Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2020

Атыраудағы «Дина» базары өртенді

967 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы ірі сауда орталығының бірі – «Дина» базары өртенді,деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атыраудағы «Дина» базары өртенді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек,  өрт 19 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 00:41-де жалпы аумағы 3420 шаршы метрді құраған екі қабатты нысанда тұтанған.

«Өрттің салдарынан ғимараттың жабындысы құлады. Жалын сағат 03:25-те сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Жалынды сөндіруге бірнеше мекеменің жеке құрамы тартылды. Атап айтқанда төтенше жағдайлар департаментінің 63 қызметкері мен 11 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, полиция департаментінен 50 қызметкер мен 20 техника, №5546 әскери бөлімінен 50 әскери қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.