Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2020

«Protecting bussines and investments» жемқорлықтың жолын кеседі

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Protecting bussines and investments» жобасы  аясында кәсіпкерлер мен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Protecting bussines and investments» жемқорлықтың жолын кеседі

Жоба аясында Қызылорда облысында «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Осылайша «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің өңірде шыны талшықтарын және композиттік материалдар шығарып, осы бағыттағы импорттық матералдың көлемін азайтуға бағытталған жалпы құны 1,5 млрд теңгелік жобасын жүргізуде әкімшілік кедергілердің алдын алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық құрудың негізі қаланды.

Шараға департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж. Берденова, инвестор Т.Боранбаев қатысты.

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Protecting bussines and investments» жобасы  шеңберінде жалпы құны 555,8 млрд теңгені  құрайтын 22 инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алды.

Іс-шарада департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес климат жасау мақсатында жұмыстар жалғасатынын атап өтті.