Үшарал қаласының орталығына орнатылған ескеркіштің авторы белгілі суретші Ермұхан Жүнісхан. Стелланың құрлысына қажетті шығында аудан азаматтары демеушілк жасап, көтеріп алған екен. Мәрмармен қапталған ескерткіште «Желтоқсан. 1986» атты көрнекі жазу мен бейітшілік белгісіндейц болған көгершіндер бейнеленіп, «Желтоқсан желі» әнінің мәтіні де қашалған.
- Бұл күн тарих парақтарынан еш уақытта сызылмайтың атаулы күн. Бостандық пен Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ азаматтарының қайсар әрекеті таңба басқандай мәңгілік есте қалғаны анық. Асыл азаматтарымыздың қаны босқа төгілген жоқ. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ небір қияметті қайыспай көтеріп, тәуелсіздік күніне де жетіп, арыстарымыздың арман-тілегі орындалды. Ауданымызда ашылған стелла жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсету мақсатында орнатылды, дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев.