Спорт • 21 Желтоқсан, 2020

Дзюдо: 90 келі салмақта Дидар Хамза дара шықты

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда дзюдодан өтіп жатқан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында 90 келі салмақ дәрежесінде спортшы Дидар Хамза дара шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дзюдо: 90 келі салмақта Дидар Хамза дара шықты

Азия ойындарының жеңімпазы, Рио Олимпиадасына қатысушы Дидар Хамза Каспий теңізі жағалауында өткен жарыста жасындай жарқырап, елішілік додада өзіне тең келер балуан жоқ екенін түбегейлі мойындатты.

Финалда ол шымкенттік Ерсұлтан Мұзафаровтан басым түсті. Осы біріншіліктің қола медалін қостанайлық Асланбек Сағитбеков пен ақтөбелік Әділет Мисин иеленді.